Ешкімге жамандық жасамады, ұрлық қылмады; қиянат көрсетпеді. * Бұл екі үйдегі ағайынды екеуі осы күнге шейін біреудің ала жібін аттаған жандар емес. Бірде басшы болсаң, бірде кішік боларсың. Қ.Найм. * Әйтеуір, саған айтар ақылым, — тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма. Мешкей деген жақсы ат емес. Б.Соқп. * Әнбия жыршы-күйші әрі аса беделді би атанған қайын атасы Бастаубайға да, саяткер, түз серісі Молдашқа да ұқсамайтын, діндәр, біреудің ала жібін аттамайтын сопы кісі еді. Ғ.Біл. * Ағынды судың алдын бөгеме; жарлы болсаң да арлы бол; біреудің ала жібін аттама; ешкімді алдама… деп өсиет қылған өзің емессің бе? Т.Сәу.
