Posted in

БІРЕУДІҢ ЖОҒЫН БІРЕУ ӘНДЕТІП ЖҮРІП (ТҮЙЕ МІНІП) ІЗДЕЙДІ

Біреудің қайғысы біреуге мұң емес д.м. * Бала біткенге тіршіліктегінің бәрі ермек қой, «біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейдінің» керін келтіре біз тай жарыс пен өзімізше тақым тартысқа қанған шамада арғы-бергіні шамалауға көңіл аударамыз. Т.Берд. * Бәлкім, сахнада сапасыз қойылымдардың қаптап кеткенінің бір ұшы осы да шығар. Авторлар мен режиссерлердің әңгімелерінен екі жақ та бір-бірімен ортақ мәмілеге келуге мүдделі емес. Бұл – «Біреудің жоғын біреу ән салып жүріп іздейдінің» нақ өзі. Е.Шайх. ~ “Біреудің жоғын біреу түйе мініп іздейді ” деген осыдан шығады. Бұл топ дәл мына үйдей жатақхананы іші-сыртына дейін қаптап беруді талап етеді. БАҚ.