Posted in

БІРЕУДІҢ ОТЫНА КҮЙДІ

Біреудің күнәсін арқалады; біреу үшін запа шекті. ~ Алдымен жан күйер қыз ағасы ұмтылмаған соң, біреудің отына күйеміз бе? Біздікі не деген оймен өзгелері де бой тежей берді. Ж.Айм. ~ Қашу бекер ғой. Қашып жүріп күн көре ала ма? — Әркімге жан керек. Біреудің отына біреу күйе ме? Имақандікі ақымақтық. Оның кесірінен ауылына да зиян салып отыр, — деді біреу. Ж.Айм. ~ Өзі бір қанды көз, томырық еді. Мұқаметқали шырағым, саған айтар ағалығым, мен сияқты біреудің отына күйіп жүрме, дегенім ғой. С.Бег.