Posted in

БІРІ БОЛМАСА БІРІ

Көптің әйтеуір біреуі. ~ Ұзақ меңірейіп үнсіз отырған күйеу кейде қасына ерген жолдастарының бірі болмаса, бірі аяқ астынан ойнақыланып, бүйірінен бір түртіп, өзіне қисайтып, құлағына бір нəрсе сыбырлай қалса, мынау дереу қайда отырғанын ұмытып, үйді басына көтере біресе кеңк– кеңк, біресе қарқ– қарқ күліп, шалқалап құлап бара жатады. З.Қаб. ~ Не қылса да сонау алыс заманда тірлік кешкен ата–бабалардың бірі болмаса бірі ел іргесін көтеріп қалап келе жатқанда, бір кірпіші құрғыр қисық қаланып кетті ме? Сүйтті ме екен? Ә.Нұрп. ~ Бәлкім, мұнын жауабын кітаптан іздесем бе екен? Дүниеде талай данышпандар жазған кітаптар бар. Мүмкін солардан табармын. Бірі болмаса, бірі жазған шығар… Содан бері кітаптан бас алмаймын. Н.Сер.