Posted in

БІРІ ОЛАЙ, БІРІ БЫЛАЙ ТАРТТЫ

Әрі-сәрі болды, біреу әрі, біреу бері тартып, ығыр қылды. ~ Колхоздың ұйымдасқанына отыз жыл толу мерекесін өткізу мәселесі айтысқа түсіп, бірі олай, бірі былай тартты. С.Бақ. ~ Бірі олай тартады, бірі былай, Бірі өзінше патша, бірі құдай, Бір сәтте ұйып, бір сәтте іруін-ай, Қазекемнің осы бір ырымын-ай. М.Мақ.