Posted in

БІР АДЫМ АТТАМАЙДЫ

Түк істемейді, шөптің басын сындырмайды; онсыз күні жоқ. ~ Күні кеше бұл екі колхоздың арасына жаяу жүгіріп кете беруші едік. Енді жұрт машинасыз бір адым аттамайды. Бұл күнде екі арадағы жалғыз аяқ суыртпақ жол да жоғалған. Ш.Мұр. ~ Өзі сұйық ішпесе бір адым аттамайтын есектен бетер пақыр екен. Бағанағы алып кеткенім жұмырына жұқ болмады – деп, Рахия алдына қойған бір кесе шәйдi суытпай-ақ сіміріп сап, «тағы құй» дегендей кесені шиіріп жіберді. Қ. Түм.