Жақын, бауыр. ~ Қанат енді өз пиғылын тез білдіруге асыққан еді: — Қарындасым!.. Жассың, жастығыңның босқа өтіп жатқаны да рас… Бірақ біз Қалаулы екеуміз бір анадан туғандай жақын дос едік. Сондықтан… Я, сондықтан, көңіл ашуды ойласаңыз басқа адам да бар шығар. Ғ.Сл. ~ Досымбек екеуміз ылғи бір жатып, бір тұрамыз, бір үзім нанға шейін бөліп жейміз. Бір анадан егіз туғандаймыз. «Дос болса осылардай болсын»,- дейді жұрт. М.Әбд.
