Кешірім сұрау, ашуын басып, сабырға шақыру мақсатында айтылатын тілек. ~ Әзбергеннің үйі маңына бұ кезде ауылдың үлкен-кішісі түгел жиналып қалған. Текеше бақылдап, секіріп, ыршып үйді тоқпақтап жүрген Торқа кемпірді екі-үш әйел қолтықтап ұстап әрең тоқтатты. — Сабыр! Шешей, сабыр! Бір ашуыңды бер! — деп. С.Ел. ~ Басы салбырап, көзі жыпылықтап, қорбаң-қорбаң басып бұжыр қараның алдына жеткен бойда бір тізерлеп отыра кетті. Бөркін шешіп алдына тастады: – Бір ашуыңды бер, Ереке! Шайтан түртіп, ит болдым. Саған тиген қол менікі емес, шайтандікі. Кесем десең – бас міне, қылша мойным – талша, көтеріп алдым айыбымды. Кешіре алсаң, кеш бір жолғы иттігімді! Т.Сәу. * – Жеңеше, бір ашуыңызды беріңіз! Елміз ғой, бір тентекке əліміз жетуге керек, асасы! С. Елубай, Ақ боз.
