Бой жазарлықтай қашықтық. ~ Оннан астам атты казак алыстағы сары белге шауып шықты. Оқ жететін жерге жақындамады. Бір бауыр жерге дейін поезбен қапталдасып отырды да, бұлар зеңбіректен атқылай бастаған соң кейіндеп қала берді. Ә.Нұрп. ~ Шықыманның басынан Нұрлыбай тауы көрініп тұр. Аржағында бір бауыр жерде Тұрсынбике … Қылыштың өлетін жері әлгі екі тұздың басы көрінеді… З.Шүк. ~ Төбе басының жері қатты, қызғылт тастақ екен. Қандай қарулы жігіт білек сыбанып түссе де, бір бауыр жерге дейін арсы–күрсісі шығып қимылдағасын қажыры қайтып қала берді. Құлаштап сілтеген кетпен қиыршық тасқа тиіп, жүзі шақылдап тайып түсіп жатты. Ә.Нұрп. ~ Тәуір қатты ашумен шыққан беті, бір бауыр жер тасырлатып барып, ат басын тежеді. Айдалада қаңтарылып тұр. Ауыл Қызылдың құмында… З.Шүк.
