Posted in

БІР БЕТ

Бір айтқанынан қайтпайтын, ымыраға келмейтін; сыңар жақ, өзге жағдаймен санаспайтын адам туралы. * Қартқожа біртоға, бір бет жігіт — сертінен қайтып көрген емес. Ж.Айм. * Қорлық-зорлық көрген Нұралы елінің қарғысына ұшырап ұрпақсыз қалдым деп біржола сеніп болған. Бір бет ер кеуде адам содан кейін намазға мойындады. Ғ.Мүс. * Ошақбай бір бет, қаныпезер жаман адам. Өлуге бар, ал бастықтың бұйрығын орындамауға жоқ. Б.Соқп. * Ақылды, әрі бір бет жамағатының бұл сырын білетін Бақтыбай мұндайда әңгімені көп көпіртпей қысқарта қоюға әккіленген. С.Жүн. * ” … күзгі науқан басылғанша бір отар қойды үй-ішіңізбен дөңгелете тұрсаңыз болмай ма?” – дегеніне де көнбей, табиғатынан адуын, бір беттігіне бағып отырып алатын. А.Сейдім.