Бұнда бір құпия сыр, кілтипан бар. * Не де болса бұл тегін адам емес. Мұнда бір гәп бар: аттан құлайтын кісінің сиқы көрінбейді, — дескеннен басқа, дөп басып сәуегейлік айта қоюға ешкімнің батылы бармайтын секілді. Өлім жолы ауыр. Жорамал айтып жобалап, нобайлап тон пішу бұл арада ыңғайсыз. С.Жүн. * Бұны, әрине, Қайсар босқа істеп отырған жоқ. Ішім сезеді, бір бүлік шығаруы мүмкін. Бағанағы мырс етіп күлуінде де бір гәп бар. Бірақ не істемек? І.Ес. * Қорекең сыйлаған сұр костюмде бір гәп бар екенін жаңа ғана ұқтым. Т.Берд. * Әкесі дәліз ортасында шашын саусағының ұшына орап-орап алып, ойланып тұр: ұлы неге түн жамылып, түсі қашып жүр? Бір кеп бар, әрине. Сұрауға бата алмады. Рүстемнің тік мінезінен жасқанады. Әрі шырықты бұзғысы жоқ. М.Қаб.
