Салған беттен, бірден, әуелгіде. ~ Ту сонау Украинадан, ішкі Россиядан әкелінген, бас¬қа орта, басқа жағдайда өскен өрімдей жас солдаттар¬ мұндағы тіршілікке бір дегеннен бейімделе кетпейді. Б.Соқ. ~ Қазіргі халіне өзі де қайран. Қазір дәл бір ағынды суға салған қайықтай. Бір дегеннен бас еркінен айрылып, тезі қатты бір өмірдің ағынына түсіп табанын жерге тигізбей дедектетіп ала жөнелді. Ә.Нұрп. ~ Шашымды кім алса да бір дегеннен ұстарасы жүрмей, тұтқырланып қалады. Б.Соқ.
