Айтқанын істетіп, айдағанына жүргізді, озбырлық көрсетті, бидайдай қуырды. * Әттең, не керек, хандық дәуіріміз жоқ, әйтпесе, мен оларды бір тарынын қауызына сыйғызар ем! – дегенін Шоқан құлағымен естіген. С.Мұқ.. * Дайрабай туыстарын сәскеге шейін күтті. Бір үйге кіреді, бір далаға шығады. Ауылдағы үлкен-кішіні бір тарының қауызына сыйғызып, бидайықтай қуырды. З.Шүк..* Рахим бектің еті тірі екен, алтын тәжді кигені сол, елді бір тарының қауызына сыйғызып әкетіп еді. Қазір де қуырып, қусырып барады… З.Шүк.
