Posted in

БІР ЕЗУЛЕДІ

Қиғаштап, қия тартты. ~ Зайыбы ғұмырында шаужайына оралып, жолына бөгет болып, әйелдік мінез көрсеткен емес– ті. Енді ғой, түтінімді жалғастырып, қара шаңырағыма ие болды деп қуандырған Ұлы дертеден бұзылған аттай бір езулеп, қисаңдайтынды шығарыпты. К.Сег. ~ Қараш атын бір езулеп, қияға салып қиғаштап бара жатып көз тастағанда, Торы алаяқ дөңес басына құйымшағы сүмпиіп, мықшыңдап, шатқаяқтап шыққан секілденді. Т.Әл. ~ Ауылға қарай тұра шапқан екеуге әлдеқайдан бір сұр төбет қосыла кетіп, Шемишев атының басына не бола алмай, бір езулеген ат ауыл сыртына шығып кетті. Өзі аттан түсіп қала жаздап қопақтап барады. Б.Қыд.