Айдан анық шындық. ~ Рас, рас… ─ деп Алтын көзін сүртті. – Бір өтірігі жоқ. Оны інім деп қалай жақтайын, ісі қисық болса… С.Шай. ~ Бұл үшін мемлекеттен миллиондаған сом ақша алады!—дедім мына мен. — Ал енді өздерің көріңдер! Мен осында өтірік айттым ба? — Бір өтірігі жоқ. С.Бақ. ~ Ол тегінен салмақты, біртоға бала болатын. Көп нәрсені, әсіресе кербездікті, тектілікті содан үйрендім десем бір өтірігі жоқ. О.Бөк. ~ Бұл келіншектің сұлу жүзін, жұмыр мойнын, сол¬қылдаған денесін құмарта бір шолып өтті де, құданың құдыреті, сол жерде ғашық болды да қалды. Еш өтірігі жоқ. Т.Сәу.
