Бір жағына аударылып отырды, жатты, қисайды. * Бөліп-бөліп алған мал көшкен бұлттай, жыртыла айырылып ұзай бергенде, алдыңғы аяғын соза тастап, басын тізесіне салып шірене тұрған торы айғырдың үстінде бір жамбастаған Нұртаза да тебініп қалып, қасындағы екі-үш шонжарымен жөнеле берді. С.Жүн. * Самалдап, бір жамбастап жатарсың тек, Ырысқа орап қойып төңіректі. М.Мақ. * Ұзақ отырысқа белі ұйи бастаған денесі ауыр Батыраш бір жамбастай қисая түскен. С.Жүн.
