Сөздерінде алалық болмады. ~ Кеңесте қолайлы сәтті қолдан бермей, таяу арада аттаныс жариялауды жақтаған пікірлер де аз болған жоқ. Бұл жөнде қашанда желдің өті, жаудың бетінде жүретін Керей, Найман батырлары мен Төле бастатқан Ұлы жүз билерінің сөзі бір жерден шықты. Қ.Жұм. ~ «Жаудың күш–қуатын білу керек»,– деп ойлады Дьяков. Атын борбайлап штабқа шауып келді. Құрама командирлерімен ақылдасты да бәрінің ойы бір жерден шыққан соң, сол бойда дереу Еламанды шақырып алды. Ә.Нұрп.
