Posted in

БІР КІРІП, БІР ШЫҚТЫ

Мазасы кетті , әбігер болды, бір жерде отыра алмады. ~ Күні– түні күзет. «Қой бүйтіп, бейшараның күйін кешу жарамас, тұйықтан шығатын жол іздейін» деп Қоңырбай іштей тас түйін бекінген. Қымбат шылымды да өстіп үсті– үстіне сорғыштады. Қамыс сарайға бір кіріп, бір шықты. Қ.Жиен. ~ Үстіне апасы берген бар жақсысын киіп алады. Шапаны биқасап, қызылала бəтес көйлек, дүрия жеңсіз. Ақ үйдің салтанатты баспалдақтарымен сыртқа бір кіріп, бір шығады. С.Досж.