Posted in

БІР КІСІДЕЙ

Әжептәуір; жеткілікті мөлшерде, басқадан кем емес. * Мәдияр қыстың азабын да, отбасының жалғыз ілігін де бір кісідей тартты биыл. Т.Рыс. * Қазір, құдайға шүкір, онда бір кісідей дәреже де, билік те, тіпті дәулет те табылады. Ә.Кек. * Құдыреті күшті құдай билік пен байлықты бірдей бергесін Бексұлтан оның рахатын да бір кісідей көріп жүр. С.Дос. * Жазушы жайлы жақсы білетін сияқтысыз ғой?! – Иә, бір кісідей білемін! – Бойын мақтаныш сезімі биледі. Д.Рам. * Дүниедегі ең қиын араб тілін бір кісідей білесің. Ағылшынша түпнұсқадан Эрнест Хэмингуэй, Теодор Драйзерді оқып түсінеді деп естідім. Д.Дос.