Әне-міне дегенше өте шығады. * Көрші әйелдер сампылдап жүр. – Балаң келіп көзайым болдың ба, байғұс! – Орнында бар оңалар. Көрген қорлығың бір күнгідей болмайды, енді. Қ.Ысқ. * Елді соғыс жүдетіп кетті. Сенің атаң да той жасар деймісің. Отбасы боп қана шүңкілдесіп аттандыратын шығар. Ой, дүние – ай, ел есін жиса бәрі бір күнгідей болмайды ғой… Н.Сер. * Баяғының бәрі бір күнгідей болмай өте шығыпты. Ү.Жлк. * Осылардың бәрі де бір күнгідей болмай алмасып келген қыс пен жаздай тез өте шығыпты. С.Ом. * Ер жігіттің қолынан не келмейді. Тәңір жазса, бір күндегідей болмас. Әуелі құдай, екінші мен куә! — деді. М.Дәул. * Суыққа ұшып, үсікке шалынғандар да кездесті. Енді не керек, соның бәрі бір күнгідей болмай ұмыт болды. С.Жүн.
