Керегі болды; бір пайдаға асты. ~ Қараңғыда құмырсқадай қыбырлап жер қазып жатқан солдаттарды жағалап, әрқайсысымен қысқа тіл қатысып келе жатып Кәкібайдың үстінен шықты. Қарулы жігіт жұмысын өндіріп тастаған екен. Қасында митыңдап Көжек те бір кәдеге жараған боп жүр. Т.Ахт. ~ Мен қартайдым. Қолымнан келетіні саған сұрағаныңды айтып беру ғана ғой. Қалғанын өзің көрерсің. Білгенімді көрге ала кетпейін, түбі елдің бір кәдесіне жараса болды ғой әйтеуір… Ж.Баб. ~ Мен айтам: «Жас адамдай қайдан өтімді бола қояйық», — деймін. (Ойланып.) Еңбегімді зая жіберген жалғыз Пүліш шірік! Шіркін-ай, бір кәдеге де жарамады-ау. Б.Май.
Пайдаға жарап қалды. ~ Ноғайқұл Қисықмойынмен қалай құда түскенін Рахматуллаға айта келіп: – Күржік бір кәдеге асты. Енді бордақылап қыста сойып жеймін, – деді. Т.Әл
