Көзден тайған жақынымен кездесуі мұң болды, қайта қауышуды арман қылды. * Күнбаланы күймелі арбаға салып, жан көзіне көрсетпей қойған. Дәл қасындағы сүйіктісінің жүзін бір көруге зар болып, Жаманбай қатты күйінген. С.Ом. * Темір тор мен темір нар‚ қалайы тостақ пен қалайы қасықтан жерінген ол өсіп тұрған көк өскінді бір көруге зар болды … Қ.Түм. * Әлде Ақлимаш та мына шопанның жұбайы құсап азап шегіп жатыр ма? Ұшып барып, ұшып келем деп еді- ау Ақиқат. Ақлимаш қазір өзінің Ақантайын бір көруге зар болып жатқан шығар. Қ.Ысқ. * Оң жақта шаршауына үкі таққан қызыл күрең патсайы шымылдық керулі тұр. Дидарын бір көруге зар еткен қалыңдық сол шымылдықтың ар жағында… Қ.Жұм. * Бір жағы Айжанды келекелеп, күле сөйлеген: – Мына байғұс отыр ғой, бір көруге зар болып… Ал мен кеше кеште қасына барып, біраз отырып қайттым. Қ.Жұм.
