Шағын шығынмен екі шаруаны қатар тындырды. * Жоқ, бала, сен мені олай алдаймын деме. Менің бүгінгі ішетін дәмім – жеңгемнен жылда жейтін сыбағам. Ал, сенін, тойын, өзіне басқа. Бір оқпен екі қоянды түсірем деп ойлама, бала. Ол алдауыңа көнбеймін. С. Мұқ. ~ «Сейтек сарыны», «Сары жайлау», «Көк қаршыға» секілді өнерпаздар өмірінен шығарма жазғанда өз жанына жақын драмасын нысанаға алғанын байқаймыз. Солай етудің нәтижесінде бір оқпен екі қоян атқан деп білемін. Біріншіден, ақын, сал, сері тағдырынан өзін іздеді. С.Шай. * Екеуі де бар. Кейде біз бір оқпен екі қоянды атып ала береміз, — деді Жұмаш күліп. — Айтпақшы, апам қалай, тың ба? Сені қайтем?.. Апама амандасайын деп келдім. Қ.Жұм. * Әйтпесе жүр, бірге барайық. Ауылды көрерсің, аралатайын демеймін бе? Ол «ойбай, құдайы құлдық» дейді ғой оған. Бір оқпен сонда екі қоянды атам. М.Сүн. * Сыйлы кісілерге бір- бір ат мінгізіп, қажы бұл жолы тауып кетті. Бір оқпен екі қоянды атып алды деген осы. Қ.Жұм.
