Сәл ғана, бір мезет. * Үш бас түйісіп, әлденеге үңілгендей бір пәс қимылсыз қалды да, іле үшеуі үш жаққа серпілді. Т.Сәук. * Алевтина Павловна қан сорпасы шығып келе жатыр екен, шыдай алмай менде бір пәс Вовка командирді арқаластым. Т.Ахт. * Жинағымның жайы не болды? – деді Мағжан. – Бр пәс бөлмеңе кіріп сөйлесейік те. Басымды сыйламасаң да, құдіреті күшті поэзияны сыйласаңшы. Өлең сөздің солдаты емеспісің! Д.Досж. ~ Ақсүмбінің асуынан асқан соң үш салт атты арттарына бұрылып, төменде жатқан Қаратаудың көгілдір тартқан тас шатқалдарына қарап, бір пәс кідірген. З.Нұрт. ~ Ілкідегі өкпе–назы бір пәсте ыдырап үлгерді ме, көмейден іркіліссіз төгілген әсем дауыс бөлме ішін кернеп сала берді. Күмістей сыңғырлайды. Ж.Шағ.
