Posted in

БІР САУСАҒЫ (ТЫРНАҒЫ) ІШКЕ БҮГУЛІ

Ішкі арам ойы бар. * Иә, Қырымды қақалмай жұтқан, әм әлемдік соғыс ошақтарына өз әскерін жіберіп
отырған, агрессорлық саясат ұстанатын Ресейдің Қазақстандағы жағымды образын қалыптастыру
аясында өмірге келген бұл жобаның бір саусағы ішке бүгулі екені дау тудырмайды. БАҚ * Нұрымжанның
соны меңзеп отырғанын түсінген. Бірақ оның қаншалықты заман ағымын түсіне қойғанына, жаңа дүниеге
деген көзқарасының қаншалықты түзіктігіне сенгісі келгенмен, іш жағына қарай бүгілген бір саусағы жоқ
па екен, бұл ағынан жарылған келбет-кейпі тереңнен толғап, жымын білдірмей жымысқы ниетін іштей
жұптастырып отыратын есепшілдік емес пе екен деп те күманданған. К.Сег. * Қуықтай бөлмеде мәнсіз,
мағынасыз тірлік кешіп жатқан нәзік жаратылысты жандардың шын бет-бейнесі көктен түскен тәңірдің
елшісіндей маңғаздана басып, бойлы-сойлы Абдолла ақсақал кіріп келгенде ашылады. Оны ертіп келген
тырнағы ішке бүгулі бастық та мақтауын жеткізіп, «дұрыс қараңдар, бұл анау-мынау адам емес» дегенді
ұғындырып кетеді. Н.Ерғ. ~ – Бүгін де иіні салбыраған кейпімді бір көріп масайрайын деп жетіп келдің ғой,
ә? – миығында күлкі бар,- Бір саусағы бүгулі жүреді-ау,- деп жақтырмайтын едім. Қателеспеппін. Мен
түңілген сайын сен шаттандың… С.Әбік.