Бұл тегіннен-тегін емес, мұнда бір құпия бар, бір гәбі бар. * Сол себептi, олар жағдайымыздың аяқ астынан жақсара түскенiне күмəнданды. Мұнда бiр сыр бар екенiн сезгендей қайта-қайта үйге келгiштеп жүрдi. Əйтеуiр, көп ұзамай бəрi аян болды. С.Досж. * Кішірек көздері Әлимаға жаудырай қиыла қарап имене, батылсыз жымылықтайды. Жүзінде жұмбақты бір сыр бар сияқты. С.Мұр. * Тек, Қалаулы емханадан шыққалы жатса керек, Қанаттың қипақтауына қарағанда, үлкен бір сыр бар секілді… Ғ.Слан. * Басымның ішінде бірдеңелер дүбірлеп шаба жөнелді. Бұл – ми істей бастады деген сөз. Біздің ауылдың топырағында бір сыр бар, бар… Ол не сыр? Тоқта, тоқта… М.Қаб.
