Posted in

БІР ТАБАН ЖАҚЫН

Туыстығы не басқалай жақындығы молырақ. ~ – Кеше атаң Абылайды хан көтерген одан – әкең Уәліні ол өлген соң шешең – Айғанымды хан сайлаған Атығай менен Қарауыл еді, өзге рулардан бір табан саған жақын еді, сондықтан Есенейден гөрі сені жақын тұтып, бірінші рет саған сөйлесіп отырмын, – деп бастап, татулық әңгімесін айтып еді. С.Мұқ. * Бұлардың алғашқысы билікке бір табан жақын, соңғысы нағыз оппозициялық партия. С.Дос. * Сен басшыларға бір табан жақынсың ғой. Біз секілді шаруаның торысына өсек екеш өсек те өзек талдырып зорға жетеді. Осы әлгі бірінші хатшының өседі дегені рас па? Қ.Ысқ. * … сэр Эллиот орысша таза сөйлейді. Онысын орыс халқына езгелерден гөрі өзінің бір табан жақындығын танытатын туыстық белгісіндей көріп әрдайым пәш етіп жүреді. Ә.Нұрп. * Енді ана Құлыштың Тапалы мен Байдосын тарту керек артельге. Сіздер сөйлесіңіз, бір табан жақынсыз ғой. Х.Есен. ~ Сол күні пошташының түйесіне мінгесіп, бір табан жақын ғой деген оймен, ойдағы Жарбөгетке жетіп қалды. Т.Әбд.