Ру, ата жағынан жақын бір қауым ел. ~ Қошқардай бес ұл — тұңғышым жиырмада, кенжем он екіде — кімнің маңдайына тарлық қылғандай, бесеуім — бес терек, ертең-ақ бір тайпа ел болып кетеді. Ә.Тар. ~ Баяғы “жәркөлеш” Ждақай қазір бір тайпа елді аузына қаратқан бастық, мінеки. Мына жатқан кең дала, “Жана жол” ауыл – аймағымен, бота-тайлағымен енді Ждақайдың аузына қарайды. С.Ел. ~ Сарыбаевтың хабаршысының айтқан жобасымен түнделетіп жүріп отырып шөл жақ ішіндегі бір ауылға келдік. Ауыл бір тайпа елдің шеті екен. С.Бег. ~ Жүз елуден астам түтіннен құралған бір тайпа ел көп жылдан бері құнарсыз шөл далада өлмешінің күнін көріп келдік. С.Бег. ~ Қаратайдың аруағын арзандатып алып, Қаратаймыз деп бос күпінетін бүгінгі бір тайпа елге Шәкеңдер жетіспейтін сияқты. Қ.Ысқ.
