А) Бір қалыпты, үйреншікті. ~ Әгәрәкім, бір тоға, бір ырғақты тірлік жалықтырса, таза ауа жұтып, орман-тоғай арасына барып серуендегісі келсе, шипажайдың кез келгеніне жолдама дайын. А.Алт. ~ Жеңешем құйған шайды сүйсіне іше отырып, мейман ел ішінде өзгеріс жаңалықтар жөнінде бір тоға баяндап: – Кеше көрші ауылдан Мұрат палуанның келіп кеткенін… АҚ “Тағдыр”. ~ Өзіне сөйлегендерге бір тоға ғана жауап қайырып, тоқтаусыз сөйлеп отырған Жанпейістің сөзінің мәнін ұқпаса да үшін құптағанын қояды. Ә.Әл.
Ә) Ешкімге сыр ашпайтын, тұйық мінезді. ~ Осы күнгі «Талас» совхозының директоры Әбдір Сағынтаев кластас дос еді. Жасында момын, бір тоға болатын. Әркім бір тиіп, түртпектей беретін. Сонда да селт етпеуші еді… Б.Тоғ.
