Қысқа ғұмыр, бес күндік өмір д.м. * Бас-аяғы бір тұтам тірліктің ақыры, міне, ит жыртқан қара терідей ырым-жырым. Ә.Нұрп. * Тауға қарай өрмелеген сайын мына бір тұтам тірлікте жүздерін көрмесе де, атақ-абыройларынан ат үркетін өңшең жақсылар мен жайсаңдардың зираттары әлдебір тылсым құпия күшімен Тоғанастың да кеудесін жерден тік көтеріп әкетеді. Қ.Жиен. * Үйткені бір тұтам тірлікті тыныш жасағың келсе, өзіңді өзің алдарқат, жоқтан жұбаныш ізде, сенбесіңе илан. Ә.Нұрп. * . Сыбағасына тиген бір тұтам тірлікте осы сорлылардың бірін жақсы көрді. Бірін жек көрді. Ә.Нұрп. * Рас, адам шіркін итжанды; тойса – қарны ашқанын ұмытады; жылынса – тоңғанын ұмытады; қаласа тіпті маңдайына жазған бір тұтам тірлікте жаны, тәні ит талағандай болып жүріп те жоқтан жұбаныш тауып, өзін-өзі алдарқатып күн кешеді. Ә.Нұрп.
