Жағымды жағы, бір жақсысы. * Соңдарынан әлдене сарын естілген. Бір сәт дыбыс иесі өкшелеп келіп қалыпты. Бұларға тұңғыш кезігіп тұрған мүлдем жаңа нәрсе. Бір тәуірі, жауға ұқсамайды. С.Ел. * Расих – башқұрт жігіті еді. Үстінде қазақы түйе жүн шекпен, басында төрт сайлы түлкі тымақ. Аяғында байпақты қара саптама. Өзге жігіттерден айырмасы шамалы. Бір тәуірі орысшаға жетік. Сұртайдың сөзін бұлжытпай аударып берді. С.См.
