Әйгілі тұлпардардың адуынды шабысын суреттейтін метафора. * Байшұбар ол үшін ұшқан құсты аузымен тістер ертектегідей бір төбенің шаңын бір төбеге қосар, айдарынан жел ескен арғымақ. О.Бөк. * Бір төбенің шаңын бір төбеге қосқан нар кескен жылдарын есіне алғаны ма, екі ауылдың арасын қикулатып, бұғалықсыз асауды құр- құрлатқан жиырма бесім, қайдасың деді ме, тіршіліктің мынау қолындағы қамшының сабындай… О.Бөк.
