Posted in

БІР УЫС БОЛЫП

Кіп-кішкентай болып, тартылып қалған дене туралы. * Абажадай үлкен кереуеттің ар жақ, бер жағы мүлдем бос. Ақынның жіңішкеріп, арыған денесі бір уыс боп, соңын тек орта тұсында жатыр. Б.Соқ. * Ат үстінде үнемі шалқақ отыратын Омар әлде сол сумаңдаған суықтан қорғана ма, әлде сүйегі жұқарып қарттық жеңіп, ашутастай уайым еңсесін баса ма, бір уыс болып бүрісіп отыр. О.Бөк. ~ Мысық науқастың сол жақ бүйіріне қайтадан қоныс аударыпты. Бірақ қыбырсыз. Әбден сілесі қатып шаршаса керек, бүрісіп, бір уыс болып ұйықтап жатыр. Т.Сәу. * Төр үйге кірдім. Мамам киімшең күйі, өз төсегінде бір уыс болып, әрі қарап, бүк түсіп жатыр. Б.Соқ.