Posted in

БІР ІЗГЕ ТҮСІРДІ

Бір қалыпқа, жүйеге келтірді, тиянақтады. ~ “Жүрек соғысы сұрапыл ұрыс даласындағы сүргін салып соғыс ашып жараланған патшадай, жоқ жерден омақаса құлаған, ойламаған тұста ат ойнатып аблығып шыға келген шатақ қолбасшы мінезіндей – қиын еді, бір ізге түсірдім. Д.Дос. ~ Қазақтың тілдік қорында шамамен он миллиондай сөз бар деп бір сөзімде айтқанмын. Оны жүйелеу, зерделеу, бір ізге түсіру – бір күннің, бір жылдың жұмысы емес… Ж.Баб. ~ Солардың бәрін Мұқаң бір жүйеге келтіріп, бір ізге түсіріп, терең түсіндіріп, талдағанда тек аузыңды ашып қаласың… Б.Тоғ.