Бірыңғай, біркелкі, өзгеріссіз. ~ Мойындау керек, қала өмірінде қара бастың қамынан басқа ешнәрсеге мән бермейсің. Көзіміз де, көңіліміз де, санамыз да үйренген. Бір қалыпты қозғалыс. М.Рам. ~ Қалың түк басқан жалаңаш кеудесі көтеріле басылып бір қалыпты қозғалады. С.Мұр. ~ Іс сөйтіп бір қалыпта жүре берді. «Жас қазақ» деген жастар ұйымын ашқанбыз. Ұйымның мақсаты: халық арасында заң, білім тарату және саясат істеріне қатысу. С.Сей. ~ Комитет ісі, жоғарғы айтқандай, бір қалыпта жүріп жатты. Жұрт басы ауырса да комитетке келетін болды. С.Сей.
