Саны біршама адам. ~ Болыстың бәрі шырқ бұза бермес. Бірақ бәрі бірдей елдік ойлайды, ұлыққа сатпайды деп те айтуға болмайды. Ертең мен бір боз қасқа айтып сойып, бір қауым елді жиғалы отырмын. Албан болыстарының бәрі де сонда келер. М.Әу. ~ Аяқ астынан бір қауым ел астаң-кестең болды. Ызы-шу, жылаған бала, айқай-ұйқай. Қараңғыда лапылдай жанып жатқан отқа лап қойған жұрт бір-бірін тыңдап та, түсініп те жатқан жоқ. Ү.Жлк. ~ Көптің бәрі осында боп тұр ғой. Соның жоруын сұрамақпын сендерден. Өзім өлсем де, бәрін естіп, көріп жатырмын. «Кенесары өлді» деп соңымнан ерген бір қауым жұрт аза тұтып күңірене жөнелді. І.Ес.
