Ұқсас, бірін -бірінен ажырату қиын. ~ … автобус ішіндегі жаңқадай шашыраған жаңғырық аралас музыка да бір қолдан шыққандай ұқсас‚ барахолка базарынан сатып алынған әуесқой ансамбльдің кассетасы болатын. Қ.Түм. ~ Өмілдірігі, құйысқан, жүген, ноқтасы бір-ақ қолдан шыққан болса керек, бәрі қайыс таспадан өрілген. Б.Қыд. ~ Үшеуінің де етіктері бір қолдан шыққаны анық. Мырзабек ағайдың жасағаны. Демек, бәрінің ым-жымы бір. Б.Ыб. ~ Қоржын көздің жауын алады, ісмер бір қолдан шыққан. Алғашқы ұсталайын деп тұрғаны да осы шығар. К.Қаз.
