а) Бәрі бірдей, түгел қатысты д.м. ~ Екінші бірлік қып бір ауызға қарау керек, Оның әмірін парыз деп санау керек. Алаштың барлық күші, барлық малы, Бір қолдан керегіне тарау керек. C.Тор. ~ Кешті 1 курс студенттері бір қолдан дайындап, ұстаздармен жоғары курстағы аға-әпкелерін қуантуға тырысты. БАҚ. ~ Куәлердің үшеуі бірдей бір қолдан Есентай барлық баласын нұсқап: “Ат ұрлаған Аманкелді мынау, міне, біз өз көзімізбен көрдік”, – деді. М.Жұмағ. (ауд. Ғ.Қай.)
ә) Бір адам, жалғыз өзі. ~ Мұрданың руында тапқан табысын ақсақалының қолына тапсырып отыратын əдет болатын; рудың қамын ақсақал жеп, бəрін бір қолдан тарататын. Бұл салтты Лене жақтырмайды. Ж.Айм.
