Аштан өлмес үшін. ~ Жұмысшылар тәшкі айдайды, топырақ үйеді. Жұмыс ауыр. Ағаш тәшкі беліңді үзе жаздайды. Қайтсін, бір үзім нан үшін жұрт оған да налымады. «Жұтқан жұтамас» деп жүріп жатты. Ү.Жәл. ~ Ел басына келген ашаршылықта жүрек жалғар бір үзім нан үшін елін, жерін тастап босқан аш халықтай, көрдің бе, таңдай жібітер бір тамшы тұщы суға бола ту-ту терістіктен, шығыстан, батыстан оңтүстікке үйір-үйірімен жөңкіліп ауған. Ә.Нұрп. ~ . Соғыстан соңғы аш–жалаңаш Германияда күн көре алмапты. Бір–ақ жапырақ нан үшін американ солдатына еріп келген. М.Қаб. ~ Біз жылдамдатып өте шықтық. Жолай әжемнен ұққаным: «көрші үйде бір жапырақ нан үшін адамды тамақтап өлтіріп кетіпті». Б.Мом.
