Бір шеті. * “Менiң сорым, ылдидың қызы – Салтанат” деп жүрген Әйгерiмге, хасiреттiң бiр ұшығы осы Ерболда тұрған сияқтанды. М.Әу. * Жігітке арналған ашудың бір ұшығы өзінде жатқаны рас. М.Әу. * Тегі ұзақ тексеріс, зерт жүргізсе әлгі Нұртазалардың да арты ашылып, тіпті Көкшетау оязы Коноваловқа дейін бір ұшығы тиер еді. С.Жүн. * Інім, бірді айтып бірге кете берді деме, осы жерде «қайың сауғанның» бір ұшығы — көптен көңіліме сыймай жүрген бір арманды әңгімені айтайын. Б.Қыд. * Нөсер алдындағы сәуірдің бұлтындай құрыштап, айналасына арналған ашудың бір ұшығы өзінде жатқаны да рас. Т.Рыс.
