Түгін қалдырмай, бәрін, тұтастай; егжей-тегжейіне шейін. ~ Өзі жаңа өмірдің, яғни нарықтық заманның бүге-шігесіне дейін тез игеріп алған бизнесмен. Б.Тоғ. ~ Ашу буған Асылбек бұл тұспалдардың төркінін түсінбей қалғандай. Бірақ көңілі жүйрік Гүлнаш бүге-шігесіне шейін біліп, күйініп отыр. Т. Әл. ~ Шеге бөркін стол үстіне койып арыздың әрбір әрпіне үңілді. Шегені бүге-шігесіне дейін жақсы білетін адам жазыпты кім болса да. Мәселені әріден қозғапты. С.Елу. ~ Әдебиет зерттеушілерінің тілімен айтқанда: «бір ғана тақырыпты таңдап алып, соны меңгеріп, игеріп, бүге-шігесіне дейін қырғыштап, әрлепнәрлеп, жетілдіріп, дамытып, жүгендеп, ауыздықтап, ерттеп, төс айылын да, шап айылын да нық тартып, өмілдіріктеп, кұйысқандап мініп жүр. Тырп еткізбейді. Ғ.Қаб.
