Әлдебір себеппен қобалжып, іштей толқыды, ~ Оның да адам секілді жүрегі, бауыры, бүйрегі бар. Сөз жоқ, жаны қиналады, жүрегі сыздайды, бауыры езіледі, бүйрегі бүлкілдейді. Д.Рам. ~ Қазақ көліне шомылғысы келгені сияқты қазақ үйін көргенде мызғай кеткісі келетін, сағыныштан туған еркелік әке-балалық, аға-бауырлық қимастарда көп болушы еді ғой. Ағалығын ағыл-тегіл ақтарып, ыстық құшағына тартып құшып-сүйе алмағанымен бүйрегі бүлкілдеп тұрғанын жасыра алмайды. Ж.Шәк.
