Posted in

БҮЙРЕК БЕТ

Бетінің екі ұшы томпиған. ~ – Үйбай, әртіс қайным-ау,– бүйрек бет ақ келіншек мойнын ішін алып, мөңки күлді,– сыртта біреу бірдеңе асатып жіберді ме, кіре аузың шайған нең? Әлде гордтеріңнің салты солай ма? Ж.Нәж. ~ Бүйрек бетті бір әйел лапастың қарсы жағындағы бір кішкене тамнан шығып қарап тұрды да, бізге қарай ақырын басып келді. Қ.Шаб. ~ Шынар бүйрек бет, бітік көздеу қарақыз еді. Н.Сер. ~ Сол сап-салмақты, бүйрек бет, қоңыр қозыдай монтиған баласынан жолшыбай қапыда айырылған Жәния түтігіп, қатты қайғырған. Ү.Жәл.