Шатақ шығарды, апшысын қуырды, қыра жаздады. ~ – Сіз де “жалаңаш төс кедеймін” деп Одақ кезінде бастықтарға бүйідей тиюші едіңіз ғой?- деп Ырымбайдың құйын білетін Дарқан қитығына тиді. Т.Рыс. ~ Ол келе жергілікті кадрге бүйідей тиіп: «Бұлардың қолынан жөнді іс келмейді, әбден бойы үйреніп алған, «ауыстыру керек» деген … З.Шаш. ~ Жазалаушы жасақшылар бейбіт ауылға бүйідей тиді. Бір- екі жігітті дізерлетіп тұрғызып: – Қашқындар қалай қарай кетті?! — деп жауап алды Баймағамбет. Б.Тоғ. ~ Көрінгенге бүйідей тиіп, үлкен-кішімен тасыраңдап ойнап, әңгүдік мінезімен ауыл-үйді әбден ығыр етті. А.Сей.
