Әлденеге қызығып кетті, желікті; намысқа шапты. ~ Бір күні балалардың ойнағанына бүйірім қызып, төңбекшіп ұйқым келмей, не де болса, құдайдың салғанын керермін деп, тұра сала ойынға мен де бардым. Ж.Айм. ~ Бүйір қыздыратын түрлі-түрлі алыпқашпа әңгімелерден кейін С.Мұқановтың «Адасқандар» романының ізіне түсіп байқаған едік. Қ.Ерг. ~ Олардың ішінде бүйірі қызып отыра алмаған, орта жасты қусырып тастаған еркектер де жүр. Ә.Шәр. ~ Олар ел ішіне тараған Сәкеннің өлеңін айтып шықты. Өлең кімдікі екенін білмейтін тәрізді. Білмесе білмесін, Сәкеннің кәдімгідей бүйірі қызды. Т.Әл.
