Posted in

БҮРКІТ ҚАБАҚ

Сұсты, қабағынан қар жауған. ~ Ақ бура желкілдеген ақ шудасы, Ойнақтап сол жерлерден талай асқан. Бейне бір бүркіт қабақ қас батырлар – Көкшенің ойға шомған асқары бар. Т.Әл. ~ Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан, Дүниеге ерлігімен танылған. Кең жаурынды, Талғардай тік шықты, Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан. С.Мәу.