Қатты тоңып, жаурады, дірдек қақты. ~ қ. Дүкеннен алып шыққан бұйымдарын қоржынға,
қойын-қонышына тықпалап жатыр. Қаншасын өз ақшасына, қаншасын жұрттың ақшасына
алғанын кім білсін. Әйтеуір қасындағылар қара суықта бүрсең қаққанда, ол қызара бөртіп
тұр. Ғ.Мұст. ~ Жер бетіндегі өсімдік атаулы сарғайып, жүдеу тартқан. Желмен жапырыла
майысып бүрсең қағады. С.Ом. ~ Енді Өмірбай суық торғайша бүрсең қағып, темекі
тұтатуды сылтаурата үйге әрбір сағатта екі-үш дүркін кіретін болды. Қар да жауды. С.Мұр.
~ Бірде тоңып, бірде аш бүрсең қағып, Революция қазығын жүрсің қағып, Қаға түс, қақ,
терең қақ, жалпақ алып, Жер бақытын сақшыдай тұрсын бағып. Ж.Молд.
