Бос қоя берді, еркіне жіберді. ~ Түйе шіркін суға қана ма? Астаудағы суды ұзақ сораптап тұрып алады. Кейде құдық маңындағы салқын, сыз топыраққа аунап, біраз көлбеп жатады. Екі бала түйенің бұйдасын мойнына байлап жібереді де, өздері ойыншық жасауға кіріседі. Ү.Жлк. ~ Біраз жүрген соң құм адамының тірсегі майысып, тәлтірек қағып, дәрмені бітіп сүріне бергені; болмаған соң жер жағдайына кәнігі қара нардың бұйдасын мойнына асып «алдыңнан жарылқасын» деп бос жіберді, өзі қайсар түліктің соңынан ілесті. Д.Дос.
