Сан құбылды, бипазданды. ~ Аяғын әсемдене серпе басып, Құлағы қайшыланып өсіп, тасып, Мақпалдай қара құйрық бұлаң қағып, Шоқтығы өзге аттан жүрді асып. С.Мұқ. ~ Толықсып он жетіге шыққан байдың қызы, үш ағаларының ортасындағы бұлаң қаққан бұраң бел де. Ш.Құмар. ~ Көз жетер жерге дейін қылтанақ бұта жоқ. Алыста бұлаң қағып түлкі жүр. C.Мұр. ~ … қайқы құйрық мойнақ иті бар- ды, мені көріп шәу етті де, таныған соң бұлғақ қағып аяғыма оралды. О.Бөк. ~ Батыс жақ қарттанып күлгін шапаққа шомылып тұрған кез. Шақпақ, Жабағылы, Бұралдай жондарында сол шапақ бұлаң қаққандай сезіледі. Б.Мом.
