Даусы ғажап, теңдесі жоқ әнші, күміс көмей. ~ Талай жан сенде азаттық аңсап өтті, Исатай бостандық деп жар сап өтті. Қолға алып бұлбұл көмей домбырасын, Дина қыз тамсандырды барша көпті. Ф.Оңғ. ~ Қираған радио қобдишаны, Тағы да періп-періп жібереді. Ол қирады. Ән бірақ қалықтайды. Бұлбұл көмей сайраудан жалықпайды. М.Мақ. ~ Ақын біткен үзілдіре жырлаған өрлі қалам, нәрлі қалам, нұр қалам. Бүлкілдейді бұлбұл көмей бұлағың, аспаныңда, тастарың да тұнған ән. С.Им.
